Ж.Бектұров
атындағы №3 Ақкөл орта мектебі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтілген іс-шарасы
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру барысында мектепте «Аялы алақан» қамқоршылық акциясы
өтті. Акция барысында қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қонаққа шақырдық. Келген балалардың жас ерекшелігі әртүрлі. Балаларға арнайы мереке ұйымдастырылды. Ән, би және түрлі ойындар ойнату арқылы көңілдерін көтердік. Балалар ойындарға белсенді қатысып, сыйлықтар алды.
Іс-шараның соңында мектеп оқушыларының қолдан дайындаған бұйымдарын ескерткіш ретінде берілді. Келген
балаларға, ата - аналарға және әлеуметтік - қамқоршылық ұйымынан келген
қызметкерлерге арнайы дастарқан жайылып қонақ етілді. Іс-шараның өтуіне «Қамқоршылық кеңес»мүшелері ат салысты. Өз тараптарынан дастарқанға тәттілер және балаларға сыйлықтар әкелді. Ұйымдастырылған мерекелік іс-шара балаларға ұнады, рахметтерін айтып, ризашылықтарын білдірді.