Жайық Бектұров атындағы
№3 Ақкөл орта мектебі
Ана тілім, Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым
(мәнерлеп оқу сайысы, 5-8 сыныптар)
Өткізген: Дорж Март
қазақ
тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Ақкөл қаласы 2018 ж
Ана тілім, Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым
(мәнерлеп оқу сайысы, 5-8 сыныптар)
Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру,
дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл
күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Оқушылардың өлеңді
мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Балалар, құтты болсын
тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының,
Сәлеметсіздер ме, құрметті әділқазылар алқасы, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ана
тілім, Алтын ұям, құндағым, Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер
күні мерекесімен
шын жүректен құттықтаймыз!
22 қыркүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда Елбасымыз
Н. А. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – Тілді қорғау
мақсатымен 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған
еді.
Тіл – халықтын жаны, сәні,
тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата
дәстүрі.
Бүгінгі сайысымызда әділ баға беретін
әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
Аудандық балалар кітапханасының
меңгерушісі – Бертілеуова Шолпан
Теміртасқызы
Мектебіміздің ғылыми - Байахмет Бақытгүл
Қаның, жаның - тіліңде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
Ортаға сайысқа қатысушыларды
шақырамын.
5 - сынып оқушылары: 5 «А» сынып оқушысы Қайыржанов Бақтияр
5 «Ә»
сынып оқушылары Хизат Әділет
Назарханов
Телмирас
5 «Б» сынып оқушылары Совет
Әлішер
Хусманова Қымбат
5 «В» сынып
оқушысы Мұхаметжанова Гүлназ
6 - сынып оқушылары: 6 «Б» сынып
оқушылары Айдарбекова Ақерке
Абулхаирова
Аружан
7 - сынып оқушылары: 7 «А» сынып оқушылары Байбусинов Дархан
Абдуллаева Асем
7 «Ә»
сынып оқушысы Бегімбаева Іңкәр
8 - сынып оқушылары: 8 «А» сынып оқушысы Еділқызы Зарина
8 «Ә»
сынып оқушысы Айнабек Зейнел
8 «Б»
сынып оқушылары Әмірханова Гүлмира
Досымхан
Жұлдыз
Жұмасыл
Ақсұңқар
Сарапшылар
әділ бағасын шығарғанша 7 «Ә» сынып оқушыларының «Сырласу» қойылымын
тамашалаңыздар.
Ана тілім,
сен үшін күрес болашақ ұрпақ үшін, халық үшін дегім келеді. Біздің тіліміз –
ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз. Бүгінгі
«Ана
тілім, Алтын ұям, құндағым, Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым» атты мәнерлеп оқу сайысы да өз мәресіне жетті.
Әділқазылар алқаларына сөз береміз.
«Қазақ болып туғаннан соң бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде»
деген ақын сөзінен қуат ала отырып бабаларымыздан жол тартқан асыл мұраны
сақтап, өркендете берейік оқушылар!