«Отбасы –бақыт мекені» отбасы
күніне арналған апталық
іс-шарасы
2018-2019 оқу жылының отбасы
күніне арналған мектепте іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар бойынша сынып
жетекшілер «Отбасы – шаңырақтың айнымас тіреуі» тақырыпта сынып сағаттарын өткізуде.
10 - қыркүйек күні мектеп психологы Айдарбекова А.К «Аяулы алақан»
тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты оқушыларды мейірімділікке,
қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылар гүл дестелер арқылы бір-біріне деген ізгі
ілтипаттарын білдіріп, бір –бірін аялы алақандарын ұсына білді.
10- қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдері оқушылар арасында «Менің
бақытты отбасым» тақырыбында 1-4 сыныптар аралығында сурет көрмесін
ұйымдастырды. Көрме мақсаты оқушыларды отбасына деген сүйіспеншілігін, өз
отбасын мақтан етуге, мейірімділікке тәрбиелеу, баулу. Оқушылардың салған
суреттерін іріктеп мектеп қабырғасына ілінді.
Отарбаева Ж.Т