№3 Ақкөл орта мектебінде «Аутодеструктивті мінез-құлқын алдын алу» тақырыбында
ата-аналар жиналысы өтті
№3 Ақкөл орта мектебінде
қантардың 9-ы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 5-10 сынып
ата-аналар шақырылды. Ата-аналар
жиналысы туралы телефон, e-mail арқылы хабарланды.
«Аутодеструктивті мінез-құлқын алдын алу» бойынша мектеп психологы
ата-аналарға баяндама оқып, тренинг өткізді.
Ата-аналар жиналысына Аққөл ауданының ауруханасынан акушер Көке қызы
Амангүл шақырылды «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілікті алдын алу» бойынша ата-аналарға
баяндама жасап, кеңес берді.
«Құқықбұзушылық алдын алу – басты міндет» тақырыбында ТІ меңгерушісі Балмуханова Г.А. баяндама оқып берді, ата-аналарға балаларын
кешкі 21:00 ден кейін далаға жібермеуді
ұсынды.
Мектеп психологы: Айдарбекова А.К