"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.04.2017

Мақсаты:  «Ата-ана»  құндылығы 

туралы  түсініктерін  кеңейту.

 

Міндеттері: - Ата-анаға  деген  сүйіспеншілік 

сезіміне, ата-ананы  құрмет  тұтуға 

үйрету.

- Ата-ананы 

қадірлеу, ардақтау,ата-ананың 

үмітін  ақтауға  баулу.

- Махаббатқа,мейірімділікке, қамқорлыққа  тәрбиелеу.

 

 

Көрнекілігі: слайдтар,бейнежазбалар

Сыни  тұрғысынан  ойлау 

технологиясы  бойынша  өткізілді

 

І. Ұйымдастыру  бөлімі

 

Тыныштық

сәті.    Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу

ұстаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді

жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп

көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.

Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу

ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,

эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды  шайып,

жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр

сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп

күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.

Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр

аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр

сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан

әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,

ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек

жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана

көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой

келеді. 

Нұр

бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып,

жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,

достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да

бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы

нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі

жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша

айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай

Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде 

отыра тұрыңыз... 

Енді

осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта

сақтаңыз.

Жаймен

көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

 Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

ІІ.Халық 

нақыл

(мағынасын  түсіндіру)

Әке-асқар  тау.                          І топ

 

Ана – аққан  бұлақ.                   ІІ топ

 

Бала – бауырындағы  құрақ      ІІІ топ

 

ІІІ. Толғаныс. «Болжау»  стратегиясы

- «Ей, перзентім, ата-ананы  құрметтеудің 

қажет  екендігін ақыл-ой, парасат  тұғырынан байқап  білгейсің. Өйткені  әрбір 

перзенттің  тегі  ата-ана 

ғой. Не  үшін  ата-анаға 

құрмет  жасаймын. Олар  сен 

үшін....

 

 

- Олар 

сен  үшін  өзінің жанын 

қиятыны  белгілі. Сені  жан-тәнімен 

жақсы  көріп, тәрбиелеп  жүрген 

ата-анаң  көңілін  қалдыратын 

құрттай да  іс жасасаң, сен

ешқандайда  жақсылыққа 

лайықты 

жан  емессің, өйткені  кімде-кім 

ата-ананың  жақсылығын  білмесе 

...

 

 

 Перзент  жеміске, ата-ана  сол 

жеміс  ағашына  ұқсайды. Жеміс  ағашын 

жақсы  күтсең, жемісі де, дәмі

де  жақсы 

болады. Егер  сен, өз  перзентім 

құрмет  қылсын  десең ...

ІҮ.

Бейнежазба  «Ана  қадірі»

 

V.   Жақсы 

тілек,

           Жылы 

жүрек.   ( әр  оқушы 

ұялы  телеф. арқ. анасына соғып

жылы лебізін  жіберу  немесе 

хат жазу )

 

 

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

          Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық.

Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді

үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын

жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. 

Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге

көп рахмет!

 

Назарларыңызға 

рахмет!

 

Просмотров: 555

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст