Жадынама
Баласының
сеніміне кіру үшін ата-анаға қажетті кеңестер.
Құрметті ата –
ана!
Қазақ халқы дүниеге жаңа келген баланы періштеге
теңеген. Ал сол баланың қандай болып ер жетуіне ең алдымен ата-ана тәрбиесінің
ықпалы күшті екені жасырын емес. Ата-ана тәрбиесінің өз жемісін беруі, баланың
тәрбиелі болып ер жетуі көп жағдайда бала мен ата-ана арасында өзара сенімнің
болуына байланысты.
Сондықтан төменде берілген кеңестерге назар салыңыз!
-Балаңызға қандай жағдайда
болса да көмек сұрап келген кезде көмектесуге әзір болыңыз;
-Мектепте күнделікті болып жатқан
оқиғалар туралы балаңыздан сұрап біліп отырыңыз;
-Балаңыздың бойындағы,
көңіл – күйіндегі өзгерістерді үнемі бақылап жүріңіз;
-Әр түрлі шешімі қиын
мәселелерге байланысты пайдалы ақыл кеңестер беруге тырысыңыз;
-Балаңыздың жас
ерекшеліктерін ескеріңіз, балаңызға кеңес бермес бұрын мектеп психологынан
немесе класс жетекшісінен кеңес алып, тығыз байланыста болыңыз;
-Балаңыздың достарының
қандай екенін ертерек анықтаңыз;
-Балаңызды мектепте және мектептен тыс уақыттағы
тәрбиесін үнемі қадағалап отырыңыз;
-Балаңыздың болашағына –
отбасындағы тәрбиенің елеулі әсер тигізетінін ұмытпаңыз;
-Балаңызға берген
уәдеңізді әрқашанда орындаңыз;
Жадынама
Егерде сен қиын жағдайға тап болсаң!
Құрметті оқушы!
Өмір жолы - қиын жол. Сол жолда адам баласы
сан қилы қиындықтарды басынан өткеріп, оларды ерік – жігерін жұмылдыра отырып
еңсеруге тырысады. «Алынбайтын қамал жоқ» демекші адамның сол қиындықтарды
жеңуге өз тарапынан құлшынысы, ұмтылысы болса, бәрін де жеңіп, алдына қойған
арман – мақсаттарына жетуге ерік- күші толық жетеді. Бұл қиындықтар күнделікті
өзіңді қоршаған адамдармен (ата-ана, достарың, мұғалімдер, өзге де ересек
адамдар) қарым – қатынаста кездесетін келіспеушіліктер, дау- жанжал, т.б.
жағдайлар болуы мүмкін.
Сондықтан төменде берілген
кеңестерге назар аударған жөн!
- әрбір баланың ең бірінші
ақылшысы - ата –анасы. Сол себепті
мектепте болатын түрлі жағдаяттарда өз – өзіңді қалай ұстау жөнінде ата-анаңмен
ақылдас;
- мұғалімнің берген
ескертулерін, жазалау шараларын түсіністікпен қабылдап, өз кемшіліктеріңді
жоюға тырыс;
- мектепте
сыныптастарыңмен, өзге оқушылармен, мұғалімдермен сыйластық қарым – қатынаста
болуға тырыс;
- себепсіз пәле-жаладан өз
– өзіңді қорғау үшін әр уақытта да шыншыл бол, өз ойыңды еркін айта біл, өз
құқығыңды қорғай біл;
- мектепте жүрген кезіңде шешімі қиын
мәселелерде саған ақылшы болатын, көмек қолын созатын мұғалімдер, сынып
жетекші, мектеп психологі бар екенін есіңде ұста;
- қандай қиын кедергілерге
кездессең де оны жеңуге болатынын біліп, ерік- жігеріңді соған жұмылдырып,
жоюға тырыс;
- «Жұмыла көтерген жүк
жеңіл» дегендей өзінің кездескен қиындықтарыңды шамаң келгенше өзің қажет деп
тапқан адамдарыңмен бөлісіп, олардан ақыл – кеңес, көмек сұрауға тырыс.