№ЗАқкөл орта мектебінде сәуір айында өткен
«Жан жылуы» акциясы жайлы бірер сөз
Сәуір айында № З Ақкөл орта мектебінде «Жан жылуы» (C миру по нитке) акциясы өтті. Мектеп ұжымы
барынша ат салысып, оқушыларды барынша оқу құралдарымен қамтамасыз етуге
тырысты. Он тоғыз оқушы оқу құралдармен қатар киімдер де алды. Балаларымыз
дәптер, сызғыш, сурет альбомы, түрлі түсті қарындаштар , қалам тағы басқа оқуға
керек құралдарын алды. Қуаныштарын жүздерінен көріп бір марқайып қалғандай болдық. Мектеп директоры
Айтикеева Алия Айтжанқызы ұжымға алғысын
айтып, осындай балаларға қол ұшын беруді
жалғастыруын айтты. Баланың бір
күлімсірегені, алғысы жүрекке үлкен бір қуаныш сыйлайды екен. Тек акция
уақытында ғана емес, күнделікті өмірінде де біздің ұстаздарымыз әрқашан қол ұшын беріп
жатқанын білеміз.
Жаппай оқу бөлімінің меңгерушісі Клышева А.Т.