26-қыркүйек күні Жайық Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебінің оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты
өткізілді. Ақкөл аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ибраев Темирлан
Бекболатович пен мектептің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Кусаинова М.К. сыбайлас жемқорлықтың қатері туралы мағлұматты ойын және
әңгімелеу арқылы жеткізді.
Ел болып еңсемізді көтеріп,
тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге
тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы
мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын
айқындады. Бүкіл әлемге өзінің
біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын
таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол
жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған
сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.