"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.12.2017

Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан.

 

Сабақтыңмақсаты: Оқушыыларға

құрбыларының арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал

дос болуға тәрбиелеу, айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.

Сабақтың міндеті: 1. Адам

қарым-қатынасындағы «дос», «достық» ұғымдарына түсінік беру.

2. Оқушыларға

достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру, достық сезімдерін дамытуға

ықпал ету.

3. Оқушыларды

сыпайылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, сезімталдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, үнтаспа, ұлағатты сөздер,

тірек-сызба.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру.
     Тыныштықсәті              

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді

түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе

үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:

Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің

орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен

тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің

бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.

Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп,

сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек

жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан

әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,

ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек

жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз 

тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей

нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын

және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.

Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға

бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да

бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ

туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі

жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және

Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.

Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта

сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?

2.Х. Закарияновтың сөзіне жазылған О. Көшеровтың «Достарым » әнін

тыңдауды ұсыну.Оқушылар бірге айтып отырады./

Толтыра көңілдің

отын, достарым,

Қатемді түзеп,

жол тапсам дұрыс біліп қостадың.

Қиналған шақта

бөлісіп жүрек жылуын,

Жүріңдер сендер

қолтықтан демеп, достарым.

Қайырмасы:

Жабыққан сәтте

қас-қағым,

Жаныңды ұғар

басқа кім.

Жаңа бір әуен

бастадым,

Сендерге арнап

достарым.

3.Демек біздің

бүгінгі сабағымыздың тақырыбы?

Ия, дұрыс айтасыңдар Дос туралы.

Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Дос деген сөздің мағыынасына терең мән беріп көрдіңдер

ме?

Достың көп болуы мүмкін бе?

«Досы көпті жау алмайды» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Достары көп болу

үшін адам қандай болуы керек?

Өз достарың

жайлы не ойлайсыңдар?

4. Түйіндеме.

/ Бұл сұрақтарды

талдауда оқушылардың пікірлерін тыңдап, әр оқушының адамдар арасындағы достық

сезімі өмірде олардың бірін бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан шынайы

тілектестікпен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан

қам-қайғасыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан

табылудан риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінуі, бір-біріне пейілі, ықыласы

түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды

адамдар достықтың , сыйластықтың, мейірімділіктің үлгісін көрсете алатындығына

оқушылардың назарын аудару./

5 . Мәтінмен жұмыс.

/Оқушылардың

әңгімелесу, пікірлесуде айтылған ойларын жалғастыру үшін оқулықта берілген «Екі

дос» әңгімесін оқытып, ойларын, пікірлерін, сөйлеуін әрі қарай дамыту./

Екі дос бір

егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз

басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп

екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «өнімді және шыққан

пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да

айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір

қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.

Досы да ішінен:

«Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған

шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде

оған қарайтын адам болмайды. » деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып, үйден

шығып досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы өаптардың саны

неліктен азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір-бірінің

қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар

болған жайдың мәніні түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса

кетеді.

Аңыз әңгіменің

басты идеясы неде?

Достардың

бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?

Өз достарыңа

қалай көмек көрсетіп жүрсіңдер?

/Сұрақтарды

талдау барысында оқушылардың өздерін екі достың орнына қойып, достықтың сырын

түсінбеген, қадірін білмеген балалардың бойында пейіл, ықылас, сыйластық

сезңімін оятады./

6. Тапсырма.

/Мәтін бойынша

негізгі ойды мақсат ете отырып, оқушылар кестені толтырып, білімдерін

толықтыру.

Адалдық

Жанашырлық

Ақылдылық

Кішіпейілділік

Екі достың

шынайы достығы

Екі достың

бір-бірінің жағдайын іштей түсінуі

Екі достың

бір-біріне айтпай жақсылық істеуі

Екі достың

бір-біріне адалдығы, жанашырлығы.

7. Жаңаақпарат.

/Оқушылар

әңгімелесу, мәтінмен жұмыс жүргізілгенен кейін оқулықта берілген ақпаратты оқып

достық жайлы ойларын, білімдерін дамыта түседі./

Адамдардың

бір-біріне деген адал сенімі, өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа

ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне

қамқорлығы , рухани жақындықтары. Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сеніс

жүктейді. Достар бір-біріне қуанышта да, қиыншылықта да ниеттес, қамқор болады.

Достық –сыйластықтың, мейірбандылықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындық та

үзе алмайды.

8. Жағдаятты талдау.

Сабақ бітуге,

қоңырау шалынуға жақын қалды. Оқушылар кітап, дәптерлерін жинап қоңырауды

сабырсыздана күтуде. Қоңырау үні естілісімен барлығы есікке қарай асықты. Арман

асықпай жиналып, ең соңғы адамның сыныптан шығуын күтіп көзінің астымен

мұғалімге қарап қояды.

Мұғалім: Арман, сен үйіңе қайтпайсың ба?

Арман ең соңғы

оқушының шығуын күтіп, жауап қатты:

-Сізбен

сөйлесейін деп едім, ағай...

Мұғалім: Айта ғой, не айтпақшы едің?

Арман: Сыныптағы Айбек досым бар ғой...

Мұғалім: Иә, не болды Айбекке?

Арман: Ол ...ол анасы сырқаттанып. Шамасы ақшадан

қиналып жүр ғой деймін...

Мұғалім: Солай ма?

Арман: Мен оған көмектессем бе деп едім, бірақ ол

менің бұл көмегімді білсе қабылдамайды...

9.Оқушылар жағдаятты оқып, талдады.

1.Арманның

Айбекке деген қандай ниетін аңғардыңдар?

2. Оқиға қалай

аяқталады деп ойлайсыңдар?

3. Өз нұсқауың,

ұсынысың қалай?

4. Досың қиналғанда қол ұшын берген сәтің болды ма?

10. Дәйексөз.

/Оқушылар сабақ

тақырыбына сай дәйексөзді түсініп оқиды,

«Достық

негізгі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады.»

/ Дәйексөзді

көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау арқылы талдайды/

11. Үйге

тапсырма: Эссе

Соңғы тыныштық сәті:

 

 

 

                                                

Ж.Бектұров атындағы

                                                 №3 Ақкөл орта мектебі  

 

 

 

 

 

               

 

             Тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан

                                  Өзін-өзі тану пәнінен  ашық сабақ 8 «Ә» сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                         

Дайындаған: Айдарбекова А.К

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

2017-2018 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 559


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст