"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.02.2018

Өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық

педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің жабылу салтанаты

Көрнекіліктер: шарлар, С. Назарбаева туралы бұрыш, видеоролик

І жүргізуші:

Өзіңді тану – ғаламды тану,

Жақсы менен жаманды тану.

Өзіңді - өзің талқыға салып,

Адал менен арамды тану.     

Қателігіңді түсіне білу,     

Дұрыс жүріп, күтіне білу.

Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,

Күлетін жерде жөнімен күлу.

Сабақты оқып, тәртіпті болу,

Білімді жинап, дүниені шолу.

Өзіңді – өзің тану дегенің,

Өз бойындағы мініңді жою.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен

Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

«Жібек» би тобы

жүргізуші:

Олай болса, бүгінгі онкүндіктің жабылу жиынын

құттықтап, ізгі лебізін білдіру үшін сөз кезегін мектебіміздің директоры   __________________________                                     

 береміз.

жүргізуші:

Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,

Күн күлер мейірімнің реңімен.

Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,

(С. А.

Назарбаева туралы слайд көрсетіледі, қысқаша баяндама оқылады)

Сара Алпысқызы Назарбаева

1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге

келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» Республикалық балалар

қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. «Бөбек» қорының негізін

қалаушы Сара Алпысқызы «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі

тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған

тұлға. 2010 жылдың 1-ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан

Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді. Видеоролик

көрсетіледі.

жүргізуші:

«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға,

ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап,

өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген  қарым –

қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның

рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін

байқататын «Нұрға бөлену», Әңгімелесу, «Жағдаяттарды талдау», «Сахналау»,  балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал

етеді.

 жүргізуші:

Олай болса, бүгінгі кештің алғашқы ән шашуын

мектебіміздің әнші қызы

 Әселді

«                                              » әнімен қарсы

алыңыздар!

 

жүргізуші:

Еліміздің туын асқақтатар, білім, білікті, жан-жақты

дамыған, адамгершілігі мол, тәрбиелі, әділ, инабатты, өнегелі ұрпақ тәрбилеу

біздің алдымызда тұрған ең басты міндет. Осы мақсатта өркениетке ұмтылып

отырған мемлекетіміздің даму болашағының негізі ретінде қажеттілігін айқындай

түсетін, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін білім ордасының

жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы

«Өзін-өзі тану» пәні.

Тақпақтар:

1- оқушы: Ботакөз «Алтын жүректі ана»

Алғыс айтам, менің Сара апама

Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.

Бал-бөбектер анасы, данасы,

Жүректерге махабатпен нұр төккен.

Жақсы

адам боп өссін деп,

Шығарған

өзің тануды.

Сара

апама мың алғыс,

Жолдаймыз

салем жалынды.

Үмітіңді

ақтаймыз,

Үйреніп

өнер, білімді.

Ар-ұятты

да сақтаймыз,

Жолатпай

жаман қылықты.

2-оқушы: Маржан Сара Алпысқызына арнау

Оқушының білімін де сынайды.

Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,

Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.

Оқушылар өзін-өзі таниды,

Бойымызға тек ізгілік дариды.

Өмірге қызыға қарайсың,

Бәрін де бақытты санайсың.

Бұл пәнді үйренсең ерінбей,

Бойыңнан керемет байқайсың.

Маржан: «Ө.ө.тану

туралы...»

жүргізуші:

Толқығанда сезем ой,

Әппақ арым, тілегім

Туған елім өзің ғой-

Арқа сүйер тірегім!

Алдарыңызда өзінің кішкентай ғана жүрек түкпірінен

шыққан аяулы әнін шырқау үшін 6 «а»-сынып оқушысы Тәттімбек  Алуаны  қарсы алыңыздар! «Туған жер»                               әнімен.

жүргізуші: Ана мейірім қабырға газетіне

белсенді қатысқан сыныптарды марапаттау.

 

Жүргізуші:Сара

Алпысқызы: «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір

даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің

кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім

өзін ашып көрсете білуі тиіс» - дейді

      Терең білімді, білікті іскер болу,

қайраткер, ұлттық тұлғаға айналу, көп оқып, көп ізденуді ғана емес, уақытты

дұрыс пайдаланып, ерінбей еңбек етуді де қажет етеді. Демек, адамның өзін – өзі

үнемі қамшылап отырғанда ғана айтулы тұлғаға айналмағы хақ. Осымен, Өзін – өзі

тану: «Махаббат пен Шығармашылық» атты онкүндіктің жабылу салтанаты аяқталды.

Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

Просмотров: 2011


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст