"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Ананың аялы алақаны " челленджі

09.03.2026

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде «Ананың аялы алақаны» атты ерекше челлендж ұйымдастырылды. Бұл игі шараның басты мақсаты – аналарымызға деген шексіз құрмет пен алғысты білдіру, олардың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеу болды.

Челлендж аясында оқушылар жүрекке жылы тиетін әсерлі әндерді хормен орындап, аналарға деген сүйіспеншіліктерін шынайы жеткізе білді. Әрбір әуеннен ананың аялы алақанының жылуы, мейірімге толы жүрегінің лүпілі сезіліп тұрды.

Бұл шара тек мерекелік концерт қана емес, ұрпақ бойына анаға деген құрметті, ізеттілік пен адамгершілікті сіңіретін тағылымы мол тәрбие сағатына айналды. Оқушылар өз өнерлері арқылы аналарға алғыс айтып, олардың өміріміздегі орнының ерекше екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ананың мейірімі – сарқылмас шуағымыз, тірегіміз бен бақытымыз. Осындай жарқын сәттер әр шаңыраққа қуаныш пен жылулық сыйласын! 

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст