Текст
02.03.2026
Кәсіби бағдар бойынша өткен «Бармен» конкурсында мектебіміздің атынан қатысқан Байгабулов Алмас жүлделі III орынды иеленді.
Алмас сайыс барысында өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, бармен мамандығына деген қызығушылығы мен икемділігін дәлелдей білді. Байқау 3 бөлімнен тұрды:
🔹 І бөлім – қол салфеткаларын әдемі әрі дұрыс бүктеу;
🔹 ІІ бөлім – жемістерді көркем түрде кесу;
🔹 ІІІ бөлім – түрлі коктейль дайындау.
Алмас барлық кезеңде тапсырмаларды шебер орындап, өз қабілетін айқын көрсете білді. Нәтижесінде III дәрежелі Дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпазымызды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!