"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа  №3 имени Жаиыка Бектурова города  Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауған соғысының ардагерлермен кездесу

16.02.2026

Мектебімізде Ауған соғысының ардагерлерімен тағылымды кездесу болып өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа тарих тағылымын түсіндіру, ерлік пен отансүйгіштік рухын дәріптеу және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру болды. Кездесуге арнайы шақырылған ардагерлер өздерінің әскери борышын өтеген жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, соғыстың ауыртпалығы мен жауапкершілігі туралы әсерлі әңгімелер айтты.

Шара барысында оқушылар қонақтарға сұрақтар қойып, олардың өмір жолына қызығушылық танытты. Ардагерлер елге деген сүйіспеншілік, достық пен бауырмалдықтың маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Олар жастарды Отанды сүюге, бейбітшілікті бағалауға және әрдайым білім алып, ел болашағына үлес қосуға шақырды.

Кездесу өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Оқушылар ардагерлердің ерлігіне құрмет білдіріп, алғыстарын айтты. Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, тарихи сананы қалыптастыруға және елін құрметтейтін азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді.

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст