03.02.2026
«Біртұтас тәрбие – Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу бағытында түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Аталған тәрбие жұмысы барысында мектеп медбикесінің және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен қыздар арасында арнайы жиналыс өткізілді. Кездесу барысында жасөспірім қыздардың денсаулығын сақтау, жауапкершілік, болашаққа саналы көзқарас қалыптастыру, өмірлік құндылықтар мен дұрыс таңдау жасау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мектеп медбикесі ерте жүктіліктің салдары, оның денсаулыққа, білім алуға және болашақ өмірге тигізетін әсері туралы мағлұмат берсе, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар адамгершілік құндылықтар, өзін-өзі құрметтеу және адал азамат болып қалыптасудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пайдалы ақпараттармен танысты. Мұндай тәрбиелік жұмыстар жас ұрпақтың саналы, жауапты әрі адал азамат болып қалыптасуына зор ықпал етеді.