" Ұшқыр ой " дебат клубы

26.01.2026

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай 8–9 сынып оқушылары арасында «Темірдей тәртіп – табыстың кепілі» тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – даңқты батыр, жазушы Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлігін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Дебат ойынының мақсаттары:

  • Оқушыларды Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлік жолы және нақыл сөздерімен таныстыру;

  • Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге, патриоттық рухта тәрбиелеу;

  • Отанға, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Дебат барысында «Темірдей тәртіптің маңызы» жан-жақты талқыланды. Қатысушылар тәртіптің адам өміріндегі жетістікке жетудің негізгі тірегі екенін, темірдей тәртіптің мақсатқа жетелейтінін және адамның өзін-өзі басқаруына үлкен ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шара нәтижесінде оқушылар Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктерін насихаттауда белсенділік танытып, өз ойларын дәлелді түрде жеткізе білді. Дебат ойынының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Просмотров: 98


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу