21.01.2026
Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Ауыл жұмысшылары жылына орай мектебімізде ауыл медбикелерін құрметтеуге арналған тағылымды әрі мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға медицина саласының маңыздылығын түсіндіру, ауыл медбикелерінің ерен еңбегін насихаттау және болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру болды.
Шара барысында ауыл медбикелері қонақ ретінде шақырылып, олардың күнделікті қызметі, жауапкершілігі мен адам өмірін сақтаудағы рөлі туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Медбикелер өздерінің еңбек жолымен бөлісіп, медицина мамандығының қыр-сыры, қиындықтары мен қызықты тұстары жөнінде оқушыларға пайдалы ақпарат берді.
Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар медбикелерге арналған алғыс сөздер айтылып, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара соңында ауыл медбикелеріне құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, ауыл медицина қызметкерлеріне деген сыйластықты арттыруға зор үлес қосты.