" />
01.12.2025
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздар мен мектеп басшылығы үшін маңызды әрі қызықты жоба басталды. 2024 жылы «NIS/SHARE» жобасы іске қосылды, бұл «SHARE» жобасының жалғасы болып табылады. Бұл жоба арқылы мұғалімдер мен мектеп басшылығы оқыту және оқу әдістерін зерттеуге, тәжірибелерін арттыруға, сондай-ақ мектепті дамыту мен тәжірибені таратуға бағытталған.
Жоба аясында мектептерде ұстаздарды оқыту тренингтері, менторлық және коучингтік онлайн сессиялар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, директорларға арналған вебинарлар өткізіледі, бұл әр мұғалім мен мектеп басшысына жаңа әдіс-тәсілдер мен тиімді басқару практикаларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Мектебімізде 5 адамнан тұратын арнайы команда құрылды, оған директор, директор орынбасары, үйлестіруші және мұғалімдер кірді. Бұл команда алдағы уақытта өздерінің білім беру тәжірибелерін дамыту үшін жүйелі жұмыс істейді. Сонымен қатар, жобаға Кембридж университетінің құрметті профессоры Коллин Маклафлин және Кембридж мектебінің тәжірибелі директоры Кэйт Эванс қатысып, олардың білім беру саласындағы мол тәжірибелерімен бөліседі.
NIS/SHARE жобасының басты мақсаты – мектептің оқу сапасын арттыру және оқушыларға білім беру іс-әрекетінде инновациялық зерттеу әдістерін қолдануды үйрету. Бұл жоба ұстаздардың кәсіби дамуын қамтамасыз етіп, олардың білім беру тәжірибесін жақсартуға бағытталған.
Біз үшін бұл жоба мектептің болашағына маңызды қадам болып табылады. Әрбір ұстазға кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсыну және ғылыми зерттеулер негізінде жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру – бұл біздің мектептегі білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Әріптестерімізбен бірге бұл жобаны жүзеге асыру мектебіміздің алға қарай қадам басуына жол ашады.