Ж. Бектұров атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде «The Best Voice of Pretty Girls and Clever Boys» атты ағылшын тіліндегі әндер байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, олардың дүниетанымын кеңейту және шығармашылық қабілеттерін қолдау.
Байқауға қала және ауыл мектептерінің 5–8-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ағылшын тілінде танымал әндерді жеке де, топ болып та орындады. Қатысушылар дұрыс айтылымды, музыкалық қабілеттерін, артистік шеберліктерін және сахнадағы сенімділіктерін көрсете білді.
Қазылар алқасының құрамында:
– «Арайлым» балабақшасының музыканты – Амангелді Қадіргүл,
– №4 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі – Келденова Айзат Сайлаубайқызы,
– №1 балабақшасының музыканты – Темірхан Айшуақ болды.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін келесі критерийлер бойынша бағалады: дұрыс айтылым, тақырыпқа сәйкестік, вокалдық шеберлік және сахналық көрініс.
Байқау нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, оларға мақтау қағаздары табысталды:
1-орын – Азат орта мектебінің оқушылары (мұғалімі: Қабидошева А.К.),
2-орын – №3 мектеп оқушылары (мұғалімі: Мурзаханова А.К.),
3-орын – №1 мектептің дуэті (мұғалімі: Шабикенова Д.Б.).
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға қатысқандығы жөнінде сертификаттар табысталды.
Іс-шара достық және шығармашылық атмосферада өтті, әрі қатысушылар мен көрермендерге жарқын әсер қалдырды.