Текст
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс шеңберінде Ақкөл ауданының ПБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Ильфат Мурзаханов “Ж.Бектұров атындағы № 3 жалпы білім беретін мектеп” ҚММ оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушылармен кездесу барысында есірткі заттардың және басқа да психобелсенді заттарды қолданудың зияны, соның ішінде есірткі заттары мен синтетикалық заттардың заңсыз айналымының құқықтық жауапкершілігі, буллинг, дроппер деген кім екендігі, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандардың ересек адамдарсыз түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда жүруге болмайтындығы жайлы әңгімелеп берді.