Текст
5-наурыз күні 6-7 сынып қыздары арасында «Қыздар сұлу көрінер...» сайысы өтті. Мақсаты: 8-наурыз мерекесіне орай сыныпішілік ұйымшылдықты арттыру, қыз балалардың үлкен ортада өзіне сенімді болуына ықпал етіп, жеткіншек қыздардың бойына қазақ халқының дәстүріне сай инабаттылық, ибалық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, абыройын арттырып, жас буын бойында заманға сай көшбасшылық қасиеттерін дамыта отырып, топпен жұмыс істеп, бірін-бірі қолдау, жанашыр болуға баулу.
Сайысты ата-аналар мен қамқоршылық кеңес ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Сайысқа 7 қыз қатысты. Сайыс 6-кезеңнен тұрды. Барлық қыздар нәтижелі орындар алып, марапатталды.