2024 жыл 18 желтоқсан күні Көкшетау қаласында мектебіміздің биология-география пәні мұғалімі Халыкова Лаззат Халыковна "«Экологиялық тәрбие мен білім беру мәселелері және оларды шешу жолдары" тақырыбында болып өткен конференциясында өз тәжірибесімен бөлісті.
Лаззат Халыковна өз тәжіребесінде "Оқушылардың табиғатта зерттеу дағдысын дамыту" тақырыбында жүргізілген жобасы жайында баяндама оқып, атқарылған жұмыстармен таныстырды. Жоба барысында оқушылар география пәні бойынша ауа-райын бақылау, биология пәнінен фитогормондар, қазақ тілі және әдебиеті бойынша табиғатты қорғау тақырыбында көріністер, математика пәні бойынша өлшемдік конвертациялар, химия пәнінен топырақ құрамын зерттеу бойынша жұмыстарымен таныстырды. Конференцияда жоғары шеберлігімен нәтиже көрсеткені үшін сертификатпен марапатталды.