9 қараша 2024 жыл мектебімізде Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Күн тәртібі барысында қазақ тілі, тарих, ағылшын тілі, математика, физика пәндерінде ашық сабақ болып, сабақ соңында талдау жасалды.
Мектебіміздегі әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысында, бірлестіктердің даму жоспары талқыланды.
STEM және физика лабораторияларында құрылғылар мен жабдықтарды элективті курстарда пайдалану бойынша НЗМ мектебі физика пән мұғалімдерінің шеберлік сағаты өткізілді.
Әдістемелік күннің екінші бөлімі мектеп акт залында семинарға жалғасты. Семинарға мектебімізге құзыретті мектеп жобасы аясында біріктірілген ауданымыз мектептерінің пән мұғалімдері мен мектебіміздің пән мұғалімдері қатысты. Семинар барысында, «Кері дизайн әдісі», «Мұғалімдердің кәсіби даму жоспары», «Тәрбие жұмысы жүргізілу басымдықтары» жайлы маңызды баяндамалар болды. Баяндамалар барысында мұғалімдер топтық жұмыс жасап, өз ойларымен бөлісті. Магнитік мектептердің жұмысын дамыту мақсатында, семинарда магниттік мектеп мұғалімдері де белсенді қатысты.
«Ауылдағы тірек мектептерді дамыту» жобасы аясында жоспарланған тағы да бір әдістемелік семинар жоғары дәреже өтті.