14.10.2024
Мектебімізде 14-24 қазан аралығында ресурстық-орталыққа 21 оқушы күзгі сессия жұмыстарын бастады.
14 қазан 9 Б сыныпбында жүргізілген сынып сағатында оқушылар Ж. Бектұров тың өмір баянымен танысты.
Жерлесіміз Жайық Кәгенұлы Бектұровтың туғанына 102 жыл. Мектебімізге Ж. Бектұров есімі 2017 жылы берілді. Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, аудармашы, прозаик, алғаш ауылдағы молдадан сабақ алып, ескіше хат таныған ол шаруа жастары мектебінде оқыған. Жайық Бектұров еңбек жолын ұстаздық етуден бастады..
Жайық Бектұров – қазақ көсем сөзінің көш бастаушыларының бірі емес, бірегейі. Оның таяуда ғана “Қазақстан” баспасынан жарық көрген “Енеден ерте айрылған төл секілді…” атты кітабы – қазақтың біреуге бодан болған заманы мен бүгін өз алдына егемен ел болған кезеңін жалғап тұрған көшелі көсем ойының бір алтын жібі десе болады. 1998 жылы 26 наурызда сексен алты жасына қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров өмірден өтті. “Өлді деуге бола ма, өлмейтұғын артында сөз қалдырған” деп абай атамыз айтқандай Жайық Бектұровты өмірден өшіріліп кеткендер санатына қоса алмаймыз. Ол кісінің қалдырған мұралары көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың жадында мәңгіге сақталады. Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына Жайық Бектұров аты беріліп, онда кабинет-мұражай ашылған.